Алматыда күш қолданып, қарт әйелді тонаған жас жігіт ұсталды

Алматыда күш қолданып, қарт әйелді тонаған жас жігіт ұсталды Сурет: Polisia.kz

20 жастағы жігіт қарт әйелді тонап кетті


Бұл оқиға таңертең Марков пен Тимирязев көшелерінің қиылысында орын алған. О.есімді азамат күш қолданып, өтіп бара жатқан адамның жеке мүлкін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Мас жігітте қылмыстық жоспар бірден пайда болды. Оның әрекетін ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, жәбірленушінің жанына жүгіріп келіп, иығына соққы жасаған. Әйел құлаған кезде оны әрі қарай ұрып-соғып, одан кейін қолынан ақшасы мен ұялы телефоны салынған сөмкесін жұлып алып, қашып кеткен. Жәбірленуші бірден полицияға жүгінді, бұл дұрыс шешім болды. Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының барысында күдікті сол күні қамауға алынды. Ол ұрлық жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың жалпы Алматы қаласында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша тергелуде», – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12