Алматыда көші-қон заңнамасын еске салды

Алматыда көші-қон заңнамасын еске салды Сурет: Ашық дереккөз

Қабылдаушы тарап өзіне келген шетелдіктер туралы Ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті


Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қалалық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов баяндама жасады. Ол Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының қатаң сақталуын еске салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қалалық полиция департаментінің өкілі ҚР заңнамасына сәйкес қабылдаушы Тарап (жеке немесе заңды тұлғалар) өзіне келген шетелдіктер туралы Ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті екенін хабарлады.


Хабарлама шетелдік азамат келген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.


Ішкі істер органдарын белгіленген мерзімде хабардар етпеген жағдайда қабылдаушы тарап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Келесі айыппұлдар қарастырылған:


- жеке тұлғаларға - ескерту, қайталап бұзған жағдайда - 91 890 теңгені құрайтын 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл,


- заңды тұлғаларға - 10-нан 25 АЕК-ке дейін айыппұл, ал қайталап бұзған жағдайда - 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады, бұл 306 мың теңге.


Сондай-ақ хабарландыру үш жолмен жіберілетінін хабарлаймыз:


Біріншіден, қабылдаушы тарап виза және көші-қон порталы арқылы хабарлама жібереді. Ол үшін сізде электронды цифрлық қолтаңба және шетелдіктің төлқұжат деректері болуы керек,
Екіншіден: қабылдаушы тарап хабарламаны тікелей өз аймағындағы көші-қон қызметінің бөлімдеріне жібереді.


Үшіншіден: қабылдаушы тарап E-konak қосымшасы арқылы хабарлама жібереді. Ол үшін осы қолданбаны жүктеп алып, авторизациядан өтіп, хабарламаны толтыру керек.



"Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының Көші - қон заңнамасын қатаң сақтауына тағы да назарларыңызды аударамын", - деп қорытындылады ӨКҚ спикері.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12