Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған

Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған Сурет: Polisia.kz

Жетісу аудандық полициясының мәліметінше, оқиға түнгі сағат бірде Сейфуллин даңғылы мен Ақпаев көшесінің қиылысында болған.


Екі ер адам бейтаныс азаматты жанжалдасып қалғанының кесірінен ұрып-соққан.



«Жәбірленуші шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, оны басынан таспен ұрған. Шабуыл жасаушылардың жеке басы бірден анықталды. Олар ұсталып, ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатыр. Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.



ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16