Алматыда ер адам 11-қабатынан құлап, қайтыс болды

Алматыда ер адам 11-қабатынан құлап, қайтыс болды Сурет: Zakon.kz

Марқұм өз-өзіне қол жұмсаған.


Кеше кешке Алматыда "Жастар" тұрғын үй кешеніндегі көпқабатты үйдің 11-қабатынан ер адам құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қалалық полиция департаменті бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша тіркелгенін мәлімдеді.



"Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм (1986 жылы туған) психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрған", делінген Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінде.



Сондай-ақ полиция бір айдай бұрын, 8 маусымда ол өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты. Сол жолы Алмалы ауданының учаскелік инспекторлары 11-қабаттың терезесінде отырған 37 жастағы алматылық азаматты аман алып қалған. Инспекторлардың бірінің айтуынша, ер адам  неге секірмекке әрекеттенгенін түсіндіріп бере алмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12