Алматыда бүлікке қатысты деген күдікпен 2,6 мың адам ұсталды

Алматыда бүлікке қатысты деген күдікпен 2,6 мың адам ұсталды Cурет: Inform.kz

127 атыс қаруы мен 4 077 оқ-дәрі тәркіленді


Алматыда терроризмге қарсы операция басталғалы бері 2 601 адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 601 қатысушысы ұсталды. 127 атыс қаруы мен 4 077 оқ-дәрі тәркіленді.



«Өткен тәулікте «102» пультіне 329 хабарлама келіп түсті. Комендатураның колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 48 дабыл қабылданды. Барлық хабарлама дер кезінде өңделді», - дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.



Сонымен қатар, ол тұрғындарды комендант сағатын бұзбауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15