Алматыда автобустар жол апатын жиі жасайды екен

Алматыда автобустар жол апатын жиі жасайды екен Яндекс.Новости

Алматыда қоғамдық көліктердің жол-көлік оқиғасы ұшырауы жиілеп кетті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 


Алматы қалалық полиция департаментінің ресми ақпаратына сәйкес, 2021 жылы мегаполисте 363 көлік апаты болды. Соның салдарынан 10 адам қаза тауып, тағы 519 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.


Сондай-ақ, қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен 264 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 9 адам қаза тауып, тағы 344 адам жарақат алған.



«Қоғамдық көлік жүргізушілері жолаушылар тасымалдайтынын және көлік жүргізу кезінде адамдардың қауіпсіздігіне үлкен жауапкершілікпен қарайтынын есте ұстаған жөн. Сондықтан жұмысқа қабылдау кезінде автобус жүргізушілері мен көлік құралдарының құжаттары мұқият тексерілуі керек», - деп атап өтті қалалық полиция департаментінде.



Айта кетейік, D санатындағы жүргізуші куәлігі 25 жасқа толған және кемінде 5 жыл, оның ішінде D1 санаты бойынша көлік жүргізу өтілі 3 жылдан кем емес адамдарға беріледі.


Алматы қалалық ІІД көлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды еске салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:38

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46

11:37

11:02