Алматыда алданған зейнеткерлерден ақша алған жалдамалы алаяқ құрықталды

Алматыда алданған зейнеткерлерден ақша алған жалдамалы алаяқ құрықталды Сурет: Polisia.kz

Міндеті алданған зейнеткерлерден ақша жинап, содан кейін мекенжайға жөнелту болған жалдамалы алаяқты Алматының киберполициясы ұстады.


Бұл – 19 жастағы Б.есімді азамат, жергілікті тұрғын. Ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын ер адам 79 жастағы әжейден 1,2 млн теңгені алып кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Ол бұл қаржыны қызына жол-көлік оқиғасынан кейін ота жасауына қажет деп алдаған.



«Ал жалдамалы алаяқты ұстаған кезде ол тағы екі алаяқтық тізбегін жүзеге асырып жатты: күдікті “жұмыс беруші” көрсеткен мекенжайларға барып, сол жерден зейнеткерлердің жиғандарын алып кету керек болды. Осылайша, біз кем дегенде екі алаяқтықтың алдын алдық. Жедел іс-шараның осы кезеңінде болжамды “тапсырыс беруші” анықталып, оны ұстау шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар Б.есімді азамат жасаған басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтар анықталып жатыр. Ол қамауға алынды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



Полицияда сонымен қатар, Алматыда IT-технологиялар саласындағы қылмыстарды, соның ішінде интернет-алаяқтықты ашуға және тергеуге арналған “Киберпол” бөлімшесінің жұмысының пилоттық нұсқасының іске қосылғаны туралы хабарлады. Арнайы құрылған қызметке тәжірибелі жедел уәкілдер, тергеушілер мен криминалисттер кірді. Сонымен қатар Алматы қалалық ПД қарттарды алдау деректері жиілеп кеткені туралы еске салды.


Осыған байланысты тәртіп сақшылары қауіпсіздік шараларын ескертеді: 1. Жақын туыстарыңыз бен достарыңызға, әсіресе, қарт адамдарға осындай алаяқтық туралы ескертіңіз; 2. Егер сізге полиция қызметкері қоңырау шалса, полиция қызметкерлерінің ақша сұрауға құқығы жоқ екенін есте сақтаңыз. Әңгімелесуді бастамас бұрын сұхбаттасушы өзін таныстыруы керек (аты-жөні, қызметі, лауазымы, жұмыс орны). Бұл ақпаратты “102” арнасында тексеруіңіз керек; 3. Бейтаныс адам телефон соқса, оның сізге нені және қалай айтқысы келетініне назар аударыңыз. Алаяқтар, әдетте, асықтыруға, шатастыруға, ықтимал зардаптармен қорқытуға тырысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06