Алматыда әшекей бұйымдар көрмесі ашылды

Алматыда әшекей бұйымдар көрмесі ашылды Сурет:Facebook

Көрме 13 наурызға дейін жалғасады.


Көрмеге ХІХ-ХХ ғасырларда жасалған құнды бұйымдардың 50-ге жуық түрі қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.


Алматыда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алматы музейі» қорының ұйымдастыруымен «Сыңғыр шолпы шашбаулым» атты зергерлік әшекей бұйымдар көрмесі ашылды.


Қай заманда да қазақ зергерлік өнерінің жоғары деңгейде екеніне дәлел болған көрмеге археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған әшекейлерден бастап, ХІХ-ХХ ғасырларда жасалған құнды бұйымдардың 50-ге жуық түрі қойылды. Сонымен қатар зергерлердің ұлттық бұйымдарды жасауда қолданатын құрал-саймандары да көпшілік назарына ұсынылды. 


Айта кетейік, аталмыш көрме 13 наурызға дейін жалғасын таппақ.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06