Алматыда 200-ден астам шетелдік жауапқа тартылды

Алматыда 200-ден астам шетелдік жауапқа тартылды Сурет: Polisia.kz

Себебі олар Қазақстанда болу ережелерін бұзған. 


Алматы қаласындағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру және ҚР көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау мақсатында 11 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында «Жалдамалы»іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Polisia.kz-тің мәліметінше, іс-шараның 4 күнінде 695 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



«Атап айтқанда, ҚР болу ережелерін бұзғаны үшін 209 шетелдік жауапкершілікке тартылса, шетелдіктердің ҚР болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 122 қабылдаушы заңды және жеке тұлғаға айыппұл салынды. Сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 206 шетел азаматы ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. 34 шетелдік сот шешімімен Қазақстаннан шығарылды», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.



Сондай-ақ Алматы полициясының қызметкерлері жедел іс-шара барысында РФ-ның Самара облысының полицейлерімен іздеуде жүрген 1992 жылы туған Ресей Федерациясының қылмысқа қатысы бар азаматын ұстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12