Алматыда 13 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын алды

Алматыда 13 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын алды almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 3 336 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«29 қараша күні 3336 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1809, II компонентін – 1527 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 29 қараша аралығында қалада 1 022 999 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 978 179 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 205 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.



Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 13 248 адам салдырды. Оның ішінде 795 жүкті әйел, 2 803 бала емізетін ана және 9 650 жасөспірім бар. Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 егу бригадасы бар.



«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32