Алматы жастары #RepublicDay мерекелік челленджін өткізді

Алматы жастары #RepublicDay мерекелік челленджін өткізді Сурет видеодан скриншот

Алматы қаласының жастары #RepublicDay мерекелік челленджін қабылдап, арнайы акция ұйымдастырды.


Адам көп жүретін Арбат алаңында патриоттық әндер шырқалып, тұрғындарға көк туымыз таратылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қыдырушыларға ел тарихына қатысты түрлі викториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар үлестірілді. Акцияның мақсаты – Республика күні қарсаңында жастар арасында мерекенің мән-маңызын түсіндіру және жастардың жеткен жетістіктерін насихаттау дейді ұйымдастырушылар.



«Біз челленджді қабылдап, қазіргі таңда жалғастырып жатырмыз. Челлендж негізінен әлеуметтік желіде жолданған болатын. Біз тек әлеуметтік желіде емес осындай патриоттық акциялар ұйымдастырып, сонымен қатар өзіміздің тәжірибемізбен бөлісіп, барынша тұрғындарымызды мерекемен құттықтау мақсатында осында келіп отырмыз», - дейді қалалық жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры басшысының міндетін атқарушы Бағдат Анарбаева.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12