Алматы тауларында қар көшкіні жүрді

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді Сурет: Korrespondent.net

Кіші Алматы өзені бассейнінде қар көшкіні жүрді.


Алматыдағы Шымбұлақ аумағында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін түскі сағат 12:33-те «Эдельвейс» қонақ үйі ауданындағы Кіші Алматы өзені бассейнінде қар көшкіні жүрді.



«Түскен қар массасы - 700 текше метр. Көшкін Шымбұлақ-Тұйық Су жолында тоқтап, оны жауып тастады. Қаза болғандар, зардап шеккендер жоқ. Қирау да тіркелген жоқ. Жолды «Қазселденқорғау» ММ тазалады», - деп хабарлады ведомстводан.



Құтқарушылар тұрғындарды қар көшкінін тудырмау үшін тау беткейлеріне шықпауға, сондай-ақ жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, тауда жаяу серуендеуден бас тартуға шақырады.


Бұған дейін Шымбұлақ пен Үлкен Алматы көліне баратын жол жабылғаны туралы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет