Қоғамдық кеңестің маңызы артты

Қоғамдық кеңестің маңызы артты Суретті түсірген Қайрат ҚОНЫСБАЙ

Алматы қалалық Қоғамдық кеңесі төралқасының мүшелері Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттарымен кездесті.


ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Жоғары палатаның атқарып жатқан жұмыстары туралы, қоғамдық кеңестердің институционалдық тұғырнамасының маңыздылығы туралы хабардар етті.


Өз кезегінде қоғамдық кеңес мүшелері диалог алаңдары, қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдаулар, тұрғындармен кездесу және денсаулық сақтау, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, экология және көлік, спортты дамыту және басқа да іс-шаралардың нәтижелері бойынша ұсыныстар айтты.


Қаладағы ШОБ субъектілері және жастар арасында есірткі тұтынудың алдын алу бойынша шаралар кешенінің қажеттілігінің жайы ортаға салынды. Сондай-ақ қоғамдық кеңестің тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар туралы баяндалды.


Барлық айтылған ұсыныстар Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттарымен талқыланды. Шара нәтижесінде тұрғындардың пікірін ескеру үшін, аталған мәселелердің бір бөлігі Қоғамдық кеңестен Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына жіберілетін болады.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47