Алматы полициясы коммуналдық кәсіпорындардың қысқа дайындығын тексерді

Алматы полициясы коммуналдық кәсіпорындардың қысқа дайындығын тексерді Сурет: Polisia.kz

Полиция қызметкерлері “Алматы Тазалық” коммуналдық кәсіпорнының қысқа дайындығын тексерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Біздің бөлімшенің техникалық байқау бөлімінің қызметкерлері мердігер ұйымдардың қысқы көшелерді күтіп ұстауға дайындығын тексеріп жатыр. Қазір біз “Алматы Тазалық” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының филиалындамыз, онда техникалық құрал-жабдықтардың жағдайы мен қысқы көше тазалау жұмыстарына дайындық жағдайы тексерілуде. Өндірістік базаны жабдықтауға, сондай-ақ олардың жұмыскерлерінің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Кестеге сәйкес техника, құрал-жабдықтар, жұмыс құралдары мен шығын материалдары, тазалау техникасының жүру бағыттары, сондай-ақ қызметкерлер құрамы тексерілді. Мақсат – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын азайту және жауын-шашын кезінде азаматтарға қауіпсіз жағдай жасау. Коммуналдық кәсіпорындарды тексерудің бірінші кезеңі 15 қарашағадейін жүргізіледі», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.



Биыл қалаға қысқы уақытта қызмет көрсету үшін 818 бірлік техника мен 1240 жол жұмысшысы тартылды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20