Алматы полициясы 102 мобильді қосымшасын пайдалануға шақырды

Алматы полициясы 102 мобильді қосымшасын пайдалануға шақырды Сурет: Polisia.kz

102 – көп арналы байланыс қосымшасы.


Алматы полициясы 102 мобильді қосымшасын пайдалануға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-сілтеме жасап.


102 – көп арналы байланыс қосымшасы фото- және бейнеқосымшалары бар мәтіндік хабарлама, аудио- және бейнеқоңыраулар арқылы кез келген ыңғайлы форматта полицияға хабарласуға мүмкіндік береді.



Геолокация пайдаланушының орналасқан жерін анықтауға, қоңырауды қабылдауға, тіпті, егер адамның өзі мекенжайды айта алмай тұрса да, оған көмек көрсетуге мүмкіндік береді. SOS батырмасы дабылдың геолокациясына сәйкес, патрульдің дереу шығуын болжайды. Қосымша жұмысының ашық болуы да маңызды: арызданушыға оның арызы бойынша қабылданған шаралар туралы хабарланады.



Енді оқиғаның фотолары мен бейнелерін тікелей полицияға жіберуге болады. Қосымшаны пайдалана отырып, азаматтар жол қозғалысы ережелерін бұзу, жол-көлік оқиғалары, отбасылық жанжалдар, жануарларға қатыгездік көрсету жағдайларын және тағы басқа да арыздарын жібере алады.


Айта кетейік, Алматы қалалық ПД ЖБО-ға жыл басынан бері омникалды байланыс арқылы 3600-ден астам қоңырау, 74 аудио- және 66 бейнехабарлама келіп түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06