Алматы өзендері мен арықтарынан 640 текше метрден астам қоқыс шығарылды

Алматы өзендері мен арықтарынан 640 текше метрден астам қоқыс шығарылды сурет: gov.kz

«Көктем-2023» оқу-жаттығулары барысында өзен мен арық желілерінен 640 текше метрден астам қоқыс шығарылды.


Алматыда «Көктем-2023» оқу-жаттығулары барысында жалпы ұзындығы 54 шақырым болатын өзендер мен арықтардан 640 м3 лай, батпақ, тастар, қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Оқу-жаттығуларға ҚР ҰҚК «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэро-десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің біріктірілген ротасы, мердігерлер мен қаланың азаматтық қорғау қызметтері, еріктілер ұйымдары мен ТЖМ аумақтық бөлімшелері тартылды. 600-ден астам адам және 309 техника жұмылдырылды.




«Тазарту жұмыстары Есентай өзенінен басталды. Ұзындығы бір шақырымнан асатын мұз бен қоқысты тазалауға 89 инженерлік техника жұмылдырылған», - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.



Сонымен қатар, қаланың қалған жеті ауданында оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп, соның аясында өзен арналары мен суғару арықтары тастардан, лайлардан, қатты қалдықтардан, бұтақтардан тазартылды.



Сайран көлінде де бірқатар жұмыстар атқарылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық мекемелері және аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ қаланың азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қызметтерінің су айдау құралдары қолданылды. Су түбін тұнба мен шөгінділерден тазарту, жағалауды қоқыстан тазарту жұмыстары жүрді. Атқарылған жұмыстар қаладағы өзендер мен арықтардың өткізу жүйесін жақсартып, су тасқынының алдын алады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37