Алматы облысында заңсыз еңбек етіп жүрген шетелдіктер анықталды

Алматы облысында заңсыз еңбек етіп жүрген шетелдіктер анықталды Сурет: Polisia.kz

«Мигрант» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде


Алматы облысында заңсыз еңбек еткен 12 шетелдік анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу мақсатында 6-12 желтоқсан аралығында Алматы облысының аумағында «Мигрант» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Осылайша, 10 желтоқсанда рейдтік іс-шара барысында Алматы облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ІІБ қызметкерлерімен бірге Есік қаласында көп қабатты үйлердің құрылыс объектісінен заңсыз жұмыс істеген 12 шетелдікті анықтады.



«Шетелдік азаматтар жұмысшы ретінде жұмысқа тартылған. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік материалдар жасалып, одан әрі сотқа жолданылатын болады», – деп хабарлады Алматы облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Эльмурат Нурсеитов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41