Алматы гарнизонында сарбаздарға арналған жаңа асхана мен медпункт ашылды

Алматы гарнизонында сарбаздарға арналған жаңа асхана мен медпункт ашылды almaty-akshamy.kz

Алматы гарнизонында сарбаздарға арналған жаңа асхана мен медициналық пункт ашылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.


ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына барған іссапарында 3660 әскери бөлімінде жаңадан ашылған модульдік үлгідегі асхана мен медициналық пунктті іске қосты.



Жаңа асханада бір мезетте 160 сарбаз тамақтана алады. Асхана азық-түлік рационы нормаларына сәйкес түрлі тағамдарды дайындауға мүмкіндік беретін заманауи технологиялық жабдықтарымен жарақталған. Нысан құрылыс және санитарлық норма талаптарына толық жауап береді. Онда автономды жылыту, желдету жүйелері орнатылған.


Сонымен қатар жаңадан ашылған медициналық-санитарлық көмек бөлімі 900-ге жуық әскери қызметшіге медициналық қызмет көрсетеді. Емдеу орнында науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге толық жағдай жасалған. Жаңа нысан емдеу, егу, емделушілерді қабылдау, дәрі-дәрмекті сақтау кабинеттерімен және стационарлық бөлмелермен қамтылған. Бұдан басқа мұнда алғашқы медициналық көмек түрлері, профилактикалық тексерулер және тағы басқа емдеу-алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.  



– Жаңа асхананы іске қосу тамақтанудың ұйымдастырылуы мен астың сапасын жақсартады. Ал қажетті қондырғылармен жабдықталған медициналық пункт әскери қызметшілер үшін көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ұлттық ұлан басшылығы мерзімді әскери қызметтегі жауынгерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жайлы етуге, сондай-ақ оларды сапалы оқытып, даярлау үшін бар мүмкіндікті жасап келеді, – деді генерал-лейтенант Еркін Ботақанов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:38

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46