Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Алматы әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды Рождество мерекесімен құттықтады Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Алматылықтар келісім мен бейбітшілікті бейнелейтін осы жарқын мерекені қуанышпен және үмітпен қарсы алады. Рождествоны тойлау барлық қазақстандық үшін көпұлтты халқымыздың бірлігін, адами құндылықтардың бірлігін көрсететін игі дәстүр болып табылады», - деді қала басшысы.


Әкім православие басқа конфессиялармен қатар отандастарымыздың өмірінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ықпал ететінін, мәдениет пен дәстүрдің сан түрлі байлығын сақтайтынын атап өтті.


«Бұл жарқын Рождество күндерінде барлық православие христиандарына бақыт пен амандық, ал Отанымыз – Қазақстан Республикасына бейбітшілік пен өсіп-өркендеу тілеймін!», - деді Ерболат Досаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12