Алаяқтықтың жаңа түрі

Алаяқтықтың жаңа түрі Сурет: ашық дерекөз

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болған. Қаскөйлер жеке кәсіпкерліктің шотын жалға беруді сұрайды екен. Шотын уақытша бере тұрғаны үшін үстінен пайда көретінін айтады. Бұл туралы almaty-akshamy.kz 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Қаскөйлер басқа адамның шоты арқылы сауда жүргіземін дейді де, клиенттеріне тауарды бермей кетеді. Заңгерлер он шақты адам сондай алаяқтың құрбанына айналғанын айтады.


Астаналық кәсіпкер әлеуметтік желіде онлайн-дүкенді дамытуға көмектесеміз деген бейнероликке тап болған. Содан кейін олар әйелден төлем жасау үшін оның жеке шотын сұратқан. Бұл үшін олар үстінен ақы төлеп, сатылымның пайызын беруге уәде етті. Біраз уақыттан кейін оның шоты арқылы қаскөйлер техника сатқаны белгілі болды, бірақ тауарды клиенттеріне бермеген.


“Олардың өтініші бойынша барлық ақшаны картаға аудардым. Келесі күні маған біреулер қоңырау шалып, ақшаны қайтаруды талап етеді. Мен оларға ақшаны алмағанымды, ондай ниетім жоқ екенін, мені де алдап кеткенін түсіндіремін. Екі адам адам ақшаны өндіріп алу үшін мені азаматтық сотқа берді”, – деді елордалық кәсіпкер.


Кәсіпкердің айтуынша, полицияда арыз қараусыз қалған. Әйел алаяқтарды тауып, жазалағысы келеді. Заңгерлер ешкімге жеке шоттарын бермеуге кеңес береді.


“Құрметті достар, ешқашан өзіңіздің жеке ақпаратыңызды бермеңіз, деректеріңізді жария етпеңіз. Қызық нәрсе болып көрінетін, бірақ күмәнді ұсыныстарға келіспеңіз, себебі оның арты жаман болуы мүмкін”, – деді заңгер Евгений Яворский. 


Бұл жағдайда кінәсіздігіңізді дәлелдеу оңай емес, дейді сарапшы. Сондай-ақ полицейлер жеке мәліметтер мен шоттарын белгісіз адамдарға, тіпті жақын адамдарға бермеуге ескертеді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16