Ақпан айында жоғары жалақыны кімдер алғаны белгілі болды

Ақпан айында жоғары жалақыны кімдер алғаны белгілі болды Сурет: 24.kz.

Оларға айына орта есеппен 525 мың теңге төленді.


Еңбек саласындағы мамандар Қазақстанда ең жоғары жалақыны ақпан айында қандай маман иелері алғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Еңбекминінің мәліметі бойынша, ақпан айында жұмыс берушілер басшылық лауазымдар үшін ең жоғары жалақы ұсынды, осы кәсіби топ бойынша айына 540 мың теңгеден басталатын ұсыныспен жұмыс табуға болады.


Сондай-ақ, ақпан айында жоғары ақы төленетін мамандықтарға сұраныс бойынша жаттықтырушыларды (тренингтермен, қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен айналысатын) жатқызуға болады, оларға айына орта есеппен 525 мың теңге, маркшейдерлерге 513 мың теңге, корпоративтік мамандарға 474 мың теңге, өндірісті дайындау инженерлеріне 419 мың теңге ұсынылды.


Бұрынғыша ең үлкен сұранысқа шағын, орта және ірі кәсіпорындар ие, олар барлық сұраныстың 85%-ын құрады. Ал гендерлік бөліністегі еңбек ұсынысы іс жүзінде тең болды: әйелдер түйіндемесінің үлесі ЭЕБ жалпы ұсынысының 51% - ын құрады.



«Осылайша, бір айдан кейін жұмыс берушілер арасында экономикалық белсенділіктің жандануы байқалады. Бұл ретте нарықта кәсіптер бөлінісінде бос орындар мен түйіндемелер бойынша сұраныс пен ұсыныс айтарлықтай өзгермейді. Сұранысқа ие мамандар – бұрынғыша орта медициналық персонал мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12