Ақерке ИСКЕНДЕРОВА, «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшесі: Жастарға заманауи, жаңашыл бағыттар керек

Ақерке ИСКЕНДЕРОВА, «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшесі: Жастарға заманауи, жаңашыл бағыттар керек almaty-akshamy.kz

Жастармен бір ортада жүргендіктен, мен де жас азамат ретінде өз пікірімді білдіргім келеді. XXI ғасыр жастары – айдағанға көнетін, итергенге жүретін жастар емес. Әрқайсысының өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасқан, таңдау еркі бар азаматтар. Олар кейбір аға буын өкілдеріндей бұғып қалып, айтқанды ғана жасамайды. Ол заман өтті десем де болады. Жастарға заманауи, жаңашыл бағыттар керек. Заманауилық дегенде ұлттық құндылықтарды да естен шығармайды. Олар, яғни біздер, жарқын ел болашағының бір үлесі өзімізге тиесілі екенін түсінеміз. Еліміздегі саналы жас азаматтар осы өзгерістер нәтижесін көру үшін соған лайықты жұмыс та жасауы тиіс. Біз қалағандай өзгерістерге қол жеткіземіз десек, қазір өткізіліп жатқан реформалардың айналасында шоғырлануымыз керек деп санаймын. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қоюы да реформалар тізбегінің іске асуының бастамасы. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих демекші, әр күніміздің тарих беттерінде сақталып қалатынын естен шығармағанымыз абзал

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09