Қасым-Жомарт Тоқаев: Қала – бәріне ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қала – бәріне ортақ avtoradio.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласы жұртшылығымен кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


«Бұл аймақтардың ерекшелігін ескере отырып, Алматы агломерациясы шеңберінде өңдеу өнеркәсібін дамыту керек. Осы жылдың соңына дейін «Агломерацияларды дамыту туралы» жаңа заң қабылданады. Бұл заң екі аймақтың арасындағы өзара тығыз байланыстар орнатуға негіз болмақ.


«Алматының тарихи орталығы – өмір сүру үшін аса қолайлы жер. Қажетті нәрсенің бәрі жақын жерде орналасқан. Алайда, орталықтың өзіне тән түйткілдері бар. Атап айтқанда, коммуналдық жүйе тозып барады. Ғимараттар бір-біріне өте тығыз орналасқан. Жолдарда кептеліс көп.

Сондай-ақ, шеткері аудандардың дамуы тым кенже қалып отыр. Әлеуметтік нысандар жетіспейді. Жұрт серуенге баратын саябақтар тапшы. Негізінен жер үйлер көп салынған. Тіпті, қыс айларында қара түтін қаптайды. Азаматтардың демалысын пайдалы өткізетін қоғамдық орындар аз. Көлік және инженерлік инфрақұрылым да жеткіліксіз.

Әкімдіктің басты міндетінің бірі – орталық пен шеттегі аудандардың арасында пайда болған осы теңсіздікті жою. Қала – бәріне ортақ. Сондықтан қаланың игіліктері де барлық тұрғындарға бірдей қолжетімді болуы тиіс»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:23

08:44

08:01

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13