Әкесін сағынған бүлдіршін

Әкесін сағынған бүлдіршін almaty-akshamy.kz

Астанада ерлікпен қаза тапқан өрт сөнді­руші Асқар Забикулин туралы «Қаһар­ман» сериалы түсіріліп жатыр. Бұл туралы оның жесірі Анель Забикулина өзінің Instagram парақшасында хабарлады.



«Түсіру тобы Астанаға келіп, бірден жұмысқа кірісті. Әрине, бүкіл процесті өз көзімізбен көру мүмкіндігін жіберіп алмадық. Айта кетейін, кино түсіру оңай емес. Біз ол жерде 5 сағаттай болдық. Түсірілімге дайындық, бірнеше дубль, ракурс, жарық. Бұл – бір ғана көріністі түсіру кезінде көрген қиындықтың кішкене ғана бөлігі. Барлық түсірілім тобына қажырлы еңбегі үшін рахмет. Сериал барлығына ұнайды деп сенемін», – деп жазды Анель Забикулина.



Айта кетейік, былтыр қарашада елордада 15 қабатты үй­ден өрт шығып, салдарынан 3 адам, оның ішінде бір бала ау­руханаға түскен болатын. Бірнеше адамды құтқарған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің денесінің 80%-ын күйік ша­лып, жансақтау бөліміне жатқызылады. Өкінішке қарай, бір­неше күннен соң көз жұмды.


Марқұмның жары парақшасына тағы бір әсерлі фото жа­риялады. Онда кішкентай қызы сериалдың басты кейіпкері – әкесінің рөлін сомдап жатқан актерды құшақтап тұр. «Кино­дағы әкесін құшақтап тұрған қызымның кішкентай ғана жүрегін мен жақсы түсінемін, өрт сөндіруші формасындағы ер адамдардан әкесін көретіндей... арасынан әкесі шыға ке­летіндей...» деп жазды сурет астына.


Өрт сөндіруші Асқар Забикулин I дәрежелі «Айбын» ор­денімен марапатталды. 20 желтоқсанда оған «Алтын адам» сыйлығы табыс етілді. Есімі елорданың жаңа көшелерінің біріне берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12