724 мыңнан астам қазақстандық әлеуметтік көмек алды

724 мыңнан астам қазақстандық  әлеуметтік көмек алды Сурет: Azh.kz

Осы мақсаттарға бюджеттен 59,4 млрд теңге бөлінді.


Қазақстан Үкіметі жыл басынан бері қанша қазақстандық әлеуметтік көмек алғанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай  бойынша, 140,6 мың отбасындағы 724,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалды. Биыл  осы мақсаттарға бюджеттен 59,4 млрд теңге бөлінді», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.


Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.


2022 жылғы 1 желтоқсанда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 191,1 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.


Азаматтардың әлеуметтік топтаманы заттай форматтан ақшалай форматқа ауыстыру туралы ұсыныстарын ескере отырып, 2023 жылдан бастап мектеп жасына дейінгі балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау жүзеге асырылатын болады. Өнімдер мен тұрмыстық химия жиынтығын ұсынудың орнына әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем белгіленеді. Осылайша, ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай өз бетінше азық-түлік сатып алу мүмкіндігі беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Соңғы жаңалықтар


16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14

04:35

15:15

15:02

14:12