30 жыл бойы боздағын күткен анаға ескерткіш орнатылды

30 жыл бойы боздағын күткен анаға ескерткіш орнатылды Cурет: Inform.kz

Ескерткіш Мақат кентінде қойылған


Атырау облысында майданнан ұлын күткен анаға ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Мақат ауданының орталығы – Мақат кентінде бой көтерген ескерткіште Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған жалғыз ұлын 30 жыл бойы – соңғы демі қалғанша күткен Сәнді Деңгелбайқызының бейнесі сомдалған.



«Өткенсіз болашақ жоқ. Тоғыз жолдың торабына орналасқан Мақат кентінде «Боздағын күткен ана» ескерткішін орнатудың өзіндік мәні бар. Бұл ескерткіш – майданнан оралмаған жалғызының жолын тосқан, жақсы хабар күтумен дүниеден үмітпен өткен ана рухына тағзымның көрінісі. Осы ескерткіштен ананың қайтпас қайсарлығы мен рухының мықтылығын байқауға болады» -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.



Мақат кентіндегі теміржол вокзалының алдына қойылған ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Ескерткіштің орнатылуына демеушілер қаржылай көмек берген.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында айналма жол ашылғанын хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет