Алматының Түрксіб ауданында тұрғын үй қорын жаңарту инвесторлар есебінен жеделдетілді

Алматының Түрксіб ауданында тұрғын үй қорын жаңарту инвесторлар есебінен жеделдетілді Cурет: Алматы әкімдігі


Бүгінде 607 үй реновацияны қажет етеді


Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мегаполистің бұл бөлігі біртіндеп ескі үйлерден арылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бүгінде 607 үй реновацияны қажет етеді.


Алматыда ескі үйлерді бұзу бағдарламасына инвесторлар тартылды. Осылайша, оны іске асыру жеделдетіледі. Бүгінде ауданның көппәтерлі тұрғын үй қоры 1 209 үйді құрайды, оның 50%-ы тозығы жеткен үйлерге жатады.



«Бұл мәселені шешу үшін Сауранбаев - Спартак - Чернышевский - Ақынов көшелерінің бойында 13 ескі екіқабатты тұрғын үйді бұзу жоспарланған. Аталған учаскеде 856 пәтерлі 40 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Қазіргі кезде Сауранбаев, 18  көшесі бойынша 62 пәтерге арналған 3 көп қабатты үйдің құрылысы аяқталды», - деді  аудан әкімі.



Бұдан басқа, биыл екіқабатты үш үй бұзылып, олардың орнына 7 бесқабатты үй салынады, аяқталу мерзімі – 2022 жылдың 3-ші тоқсаны.


Сейфуллин-Кассин-Котельников көшелерінің  кварталында  30 сегіз пәтерлі ескі үйлерді реновациялау басталды. Аталған учаскеде 820 пәтерлі 27 алты қабатты үй салынады. Қазіргі уақытта 2 үй пайдалануға берілді, 12 үй бұзылған соң 100 отбасы қоныс аударатын болады.
 
Сондай-ақ, Осипенко көшесінде екі көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, нысанды тапсыру мерзімі 2022 жылдың 2-ші тоқсаны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56