28 қазанға арналған ауа райы болжамы

28 қазанға арналған ауа райы болжамы Сурет: Natworld.info

"Қазгидромет" бүгінгі күні күтілетін ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады


Республикамыздың басым бөлігі жоғары қысым алқабының әсерінде болуына байланысты көбіне жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығыс және шығысында да фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 


Ақмола облысының солтүстік және батысында, Түркістан облысының тау асуларында, күндіз Қостанай облысының батыс және солтүстік-батысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының батысында, орталық және шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Қарағанды облысының орталығы мен шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.


Солтүстік-Казақстан облысының оңтүстік және батысында тұман күтіледі, түнде оңтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.







Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16