2023 жылдан бастап ШБС барлығы арнаулы салық режимін қолдана алмайды

2023 жылдан бастап ШБС барлығы арнаулы салық режимін қолдана алмайды Сурет: Gov.kz

Салық кодексінің нормасы күшіне енді.


2023 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану кезінде рұқсат етілмеген қызмет түрлерін толықтыру бөлігінде Салық кодексінің нормасы күшіне енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Inbusiness.kz сілтеме жасап. 



"Бұл тізбені толықтыру, ең алдымен, бизнесті бөлшектеу жолымен салықтық оңтайландыру схемаларының алдын алу (оның ішінде қосалқы жалдау тетігін пайдалана отырып), оның ішінде оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолдану мақсаттарымен байланысты" делінген ақпаратта. 



Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпараты бойынша,  төмендегі қызмет түрлері бойынша Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдануда шектеу енгізіледі. Олар:


- маркетингтік қызметтерді;


- сауда нарығын жалға беру және пайдалану жөніндегі,


- сауда базарларына жататын сауда объектілерін, сауда алаңы бес жүз шаршы метрден асатын стационарлық сауда объектілерін, сондай-ақ олардың аумағындағы сауда орындарын, сауда объектілерін және қоғамдық тамақтану объектілерін қосалқы жалға беру;


- екі және одан да көп салық төлеушілердің осындай қызметтер көрсетілетін бір қонақ үйдің немесе жеке тұрған тұрғын емес ғимараттың аумағында қонақ үй қызметтерін ұсыну саласындағы қызметке қолданылатын болады.


Тиісінше, шектеулер енгізілген жоғарыда аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерлер 2023 жылы 1 қантардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшуі тиіс.


Ал, сауда алаңы бес жүз шаршы метрден кем стационарлық сауда объектілеріне жататын, сауда объектілерін қосалқы жалға беретін салық төлеушілер, оны қолданудың қалған шарттарына сәйкес келген кезде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолдана алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет