Мейрам күндері Алматыдағы қылмыстық ахуал тұрақты болды

Мейрам күндері Алматыдағы қылмыстық ахуал тұрақты болды Сурет: Almaty-akshamy.kz

Шаһардағы жағдай тұрақты және бақылауда.


Алматы қалалық полиция департаменті өткен мереке күндерінде криминогендік жағдайдың тұрақты болғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 Бұрын хабарланғандай, 2022 жылдың 25 желтоқсанынан бастап қалада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.


 ПД қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамдары күшейтілген қызметке ауыстырылды.


 Патрульдік полиция жасақтары күшейтілді, жаяу патрульдік бағыттар әзірленді.


 Азаматтардың жаппай болатын нысандарына, сондай-ақ мерекелік және ойын-сауық шараларын өткізуге арналған орындарға ерекше назар аударылды.


 Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік туды.


 Негізінен бөтеннің мүлкін ұрлау басым болды.


 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында қалада 30 бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі тіркеліп, оның 24-і «ізін суытпай» және жедел тергеу барысында ашылды.


 Сонымен қатар, бұл күндері қалада 2 бұзақылық, 1 тонау орын алды.  Күдіктілер қылмыс орнында ұсталды.


 Сондай-ақ, 2 есірткі қылмысы анықталды.


 Жалпы, қаладағы жағдай тұрақты және бақылауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09