2021 жылы экстремизм мен терроризмге байланысты құқықбұзушылықтар саны едеуір төмендеген

2021 жылы экстремизм мен терроризмге байланысты құқықбұзушылықтар саны едеуір төмендеген Сурет: Іa-centr.ru

Көбінесе мұндай құқықбұзушылықтар Түркістан мен Атырау облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында орын алған.


2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында экстремизм мен терроризмге қатысты 192 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 7,7%-ға аз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.



Салыстыру үшін: 2020 жылдың осы кезеңінде бұл саладағы құқықбұзушылықтар саны 208 жағдайды құрап, жылына 10,7%-ға азайған. Құқықбұзушылық саны бесінші жыл қатарынан азайып келеді.




Өңірлік тұрғыда экстремизм мен терроризмге қатысты құқық бұзушылықтардың ең көбі Түркістан облысына тиесілі: осы аймақта 2021 жылдың 12 айында 23 құқықбұзушылық болған,  бұл бір жыл бұрынғыдан 23,3%-ға аз. Бұл саладағы  құқықбұзушылықтан көш бастаушылар қатарын Атырау облысы мен Шымкент те толықтырып тұр: әр облыста 21 істен тіркелген.


Мұндай құқықбұзушылықтардың ең азы Қостанай облысында (бар болғаны 1 жағдай) және Шығыс Қазақстан облысында мұндай жағдайлар мүлде тіркелмеген.




Көбінесе мұндай бұзушылықтардың ішінде терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария шақыру фактілері тіркеледі: дәл осындай 61 құқықбұзушылық тіркеліпті.



«Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру» бабы бойынша тағы 58 іс және «Сот шешімінен кейін қоғамдық немесе діни бірлестік немесе өзге де ұйымды ұйымдастыру және экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салуға немесе тарату бабына қатысты 50 іс тіркелген.


Қазақстан Республикасында жасалған барлық құқықбұзушылықтардың 88%-ы осы үш «танымал» бап бойынша екен.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37