19 сәуірге арналған ауа райы болжамы

19 сәуірге арналған ауа райы болжамы Сурет: Ашық дереккөз

14 өңірде ескерту жасалды


"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 19 сәуірде қолайсыз ауа райына байланысты 14 өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жетісу облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде Алакөл көлдерінің аудандарында кей уақытта 23-28 м/с дейін жетеді Түнде облыстың басым бөлігінде 2-7 градус үсік күтіледі. 


Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі. 


Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.


Алматы облысында түнде 1-6 градус үсік күтіледі.


Алматыда 1-3 градус үсік күтіледі. 


Астанада көктайғақ, тұман күтіледі.


Абай облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. 


Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығсында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 


Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады.


Павлодар облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 


Атырау облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.


Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.


Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 


19-20 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 19 сәуірде түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік, 20 сәуірде облыстың таулы аудандарында 1-3 градус үсік сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12