Әскер сарбаздарын пайдаланып челенж түсіріп жүрген Қорғаныс министрінің әйелінің видеосы кеңінен тарап жатыр екен. Біреулер бұрын түсірілген деп жатыр екен. Өткенде Нартай Аралбайұлы басқарған жиын өтті, қорғаныс саласының өкілдері болды.Әскердегі сарбаздарға көрсетілетін әлімжеттік, өлімі жайлы мәселе көтерілді. Сол кезде сала өкілдері жауынгерлердің өлімі жайлы статистика келтірді. Бір адам өлімі емес, малдың шығынын айтып жатқандай әсер алдым.Айналайындар-ай, әр санның артында бір азаматтың өмірі, өмірінің соңына дейін баласын жоқтап өтетін ананың көз жасы, мұңы, зары, шемен болған шері, жазылмас қайғысы тұр ғой?! Шырылдап тұрып аналардың жанайғайын жеткіздім.Тіпті қоғамдық бірлестік ретінде әскери бөлімшелерге барып рухани-ағартушылық жұмыс жүргізуге дайын екенімізді де айттым. "Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін” демекші, дауысы жоқ болса да, министрдің әйелі ән айтсынның кері болып тұр екен.Мынандай нәрсеге рұқсат бар ма, өзі?! Алдымен әскердегі жағдайды түзеп алмай ма? Халықты ашындырғанды қашан қояды екен, осы, өңкей байшікештер мен шенділер?!Қанша ана сау баласын әскерге жіберіп, мүгедек болып келіп не сүйегін құшақтап, “ботам-ай” деп зарлап қалып жатқанда, мыналардікі не той?! Әскери техниканы, әскерилерді пайдалануға рұқсат бар ма? Біреулер патриоттық ән айтып жаиыр деп қорғап жатыр екен. Патриоттықтың иісі де сезілмейді екен.Қолда барда қонышынан басып жатқан қорғаныс министрінің мына әрекетін депутаттар неге көрмей жатыр? Әлде әлі келмей ме?
"Қанша ана әскерге кеткен баласының сүйегін құшақтап жатқанда не той?!" Қоғам белсендісі сарбаздарды пайдаланып челенж түсірген министрдің әйелін сынады

“Мәйіті кәріз құдығынан шықты”. Із-түссіз жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды
19:33, 17 шілде 2025 430
“Музейге кіргізбеу керек”: Қайнар Олжай Абайды әжуалаған журналиске қатаң ескерту жасады
18:07, 17 шілде 2025 663
"Сара апамыздікі - рухани ауру" - Сара Назарбаеваның денсаулығы туралы соңғы ақпарат жарияланды
16:58, 17 шілде 2025 818
"Дубайдан пәтер алды" - Жұрт Ырысбала Икрамбайдың да қорын тексеруді талап етуде
14:41, 17 шілде 2025 794
“Жақсы көрем деп тұрмыс құрыңыз”. Кәмшат Жолдыбаева күйеуі жайлы ел естімеген шындықты айтты
13:21, 17 шілде 2025 717
48 млн теңгеге бұқа бордақылау: танымал блогер NNN туралы сұмдық ақпарат шықты
11:47, 17 шілде 2025 344
“Әйел жамбас сүйегін сындырып алған”. Амантай қажыға қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)
10:39, 17 шілде 2025 490
Жетісу облысында жүкті әйелін атқа сүйреп, аяқ-қолын сындырып, азаптап өлтірген кім?
10:09, 17 шілде 2025 780
«Мөлдір көрінбейді ғой»: Тұрсынбек Қабатовтың отбасымен түскен суреттері желіде қызу талқыланды (ВИДЕО)
23:27, 16 шілде 2025 1036
"Жанұяма аз уақыт бөліп жүрмін": Александр Усик өзінің отбасы үшін бокстан кететінін айтты
22:17, 16 шілде 2025 244
Концерт мүлдем өтпей қалған: Перизат Қайрат ісінде танымал украиналық әншінің есімі аталды
19:22, 16 шілде 2025 1322
30 жылдан кейінгі кездесу: Қарағандыда әскери мектептің түлектері сап түзеп жүріп шықты (ВИДЕО)
18:23, 16 шілде 2025 291
"Жүрегі – қалқан, даусы – семсер": Димаш Құдайберген жаңа бейнесімен жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
17:01, 16 шілде 2025 739