Өңірлердегі эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Өңірлердегі эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Cурет: 24.kz

Еліміздің басым бөлігі «жасыл» аймақта

3 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасына сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта: Ешбір өңір жоқ.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары.