Өзбекстаннан әкелінген құрмалардан құрт табылды

Өзбекстаннан әкелінген құрмалардан құрт табылды
Сурет: Livan.info

Маңғыстауға Өзбекстаннан әкелінген 2 тонна құрмадан комсток құрты табылды


Екі елдің шекарасындағы фитосанитариялық бақылау бекетінің инспекторлары жемісті тексеру барысында қауіпті зиянкесті анықтаған. Айта кетейік, комсток құрты адамға зиян келтірмейді. Бірақ өсімдіктің 300-ге жуық түрін зақымдайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Құрттың кемірген жері жасыл-желектің сарғаюы мен жемістердің шіруіне әкеледі. Сондықтан карантиндік зиянкес қатарына жатқызылған.

«Біздің мақсатымыз – карантинтиндік нысандардың барлық түрлерін ҚР аумағына таратпау. Таралған жағдайда толықтай локализация жасау үшін үлкен экономикалық шығын келтіреді. Осы жылы 3 рет осындай жағдай болды. Өзбекстаннан келген капустадан карантиндік нысан анықталды, біреуі өлі және тірі күйінде анықталды. Құрмадан құрт табылуы – үшінші жағдай. Сол жерде түсіндіру жұмыстары берілді, ақпарат берілді, аталған өнім кері қайтарылды», - деді облыстық Өсімдіктер карантині, өсімдіктерді қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Ақжарқын Меңдігереева