Өзбекстанда балалар арасында коронавирус жұқтыру жиілеп кетті

Өзбекстанда балалар арасында коронавирус жұқтыру жиілеп кетті
Inform.kz

Өзбекстанда балалар арасында коронавирус жұқтыру саны артып келеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқап сілтеме жасап.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы екі айда 14 жастан асқан балалар елдегі ауырғандар саны бойынша үшінші орынға шықты.

Қыркүйек және қазан айларындағы статистикаға сәйкес, 60 жастан асқан тұлғалар барлық науқастанғандардың жалпы санының 20 пайызын құрады, 30-39 жастағылар – 19%; 14 жасқа дейінгілер - 16 %; 20-29 жастағылар - 14 %; 40-49 жастағылар – 13%; 50-59 жастағылар - 12%; 15-19 жас аралығындағылар – 6%.

«Қазіргі кезде №1 және №2 Зәңгі ата инфекциялық ауруханаларында ауыр халде жатқан 333 адам және өте ауыр жағдайда жатқан 224 адам ем алып жатыр. Бұл мекемелердегі науқастардың 172-сі – балалар», - деп хабарлайды ӨР Денсаулық сақтау министрлігінен.