Өзбекстанда 90 мыңнан астам бала вакцина салдырған

Өзбекстанда 90 мыңнан астам бала вакцина салдырған
gazeta.fi

Өзбекстанда жасөспірімдер тек ата-анасының рұқсатымен екпе салдыра алады

Өзбекстанда 90 мыңнан астам бала вакцина салдырған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Жасөспірімдерге америкалық Pfizer екпесі егіліп жатыр. Ол екі компоненттен тұрады. Вакцинаның алғашқы 1 млн 200 мың дозасы бір ай бұрын АҚШ-тан жеткізілген. Қазір оның 500 мыңға жуық дозасы пайдаланылған.

Жалпы, Өзбекстанда 3238 екпе егу пункті жұмыс істейді. Жасөспірімдер тек ата-анасының рұқсатымен екпе салдыра алады.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға қыркүйектің 28-нен бастап рұқсат берілген.