Өткен тәулікте қанша қазақстандық вакцина салдырғаны белгілі болды

Өткен тәулікте қанша  қазақстандық вакцина салдырғаны белгілі болды
Cурет: 24.kz

Жыл басынан бері 9 млн-ға жуық адам вакцина салыдрған

4 желтоқсанда Қазақстанда I компонентпен 8 771 142 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екінші компонентпен 8 066 053 адам егілді.

2021 жылғы 4 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 8 771 142 адам вакцина салдырды, II компонентпен 8 166 067 адам.
Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 686 адам коронавирусқа шалдықса, 1122 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.