Өткен тәулікте коронавирус індетінен 19 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте коронавирус індетінен 19 адам қайтыс болды
Сурет: Vlast.kz

10 қыркүйектегі жағдай бойынша, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Өткен тәулікте ел бойынша 275 адамнан коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

 
Қауіпті вирустан, өкінішке қарай, өткен тәулікте 19 өлім жағдайы тіркелді. Коронавирус індетінен 133 адам жазылып шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан бері  барлығы 72223 адам ауырған, оның ішінде 4630 науқас қауіпті вирустан көз жұмса, жазылып шыққандардың саны 59547 адамға жетті.