Өткен тәулікте Алматы қаласында 12 науқас коронавирустан қайтыс болды

Өткен тәулікте Алматы қаласында 12 науқас коронавирустан қайтыс болды
almaty-akshamy.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Оған сәйкес, 4 қазан күні Қазақстан аумағында 39 адам коронавирустан, тағы 7 адам пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 12 науқас.

Павлодар облысында 5, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтөбе облысында 4, Солтүстік Қазақстан облысында 3, Маңғыстау, Қостанай және Қарағанды облыстарында 2, Шымкент қаласы мен Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында бір адамнан көз жұмған. Тек Жамбыл, Ақмола, Түркістан және Қызылорда облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.