Өткен аптада Қазақстанда 3028 қылмыс жасалған

Өткен аптада Қазақстанда 3028 қылмыс жасалған
Polisia.kz.

Елімізде өткен апта ішінде 3028 қылмыс жасалып, оның екі мыңы бір тәуліктің ішінде ашылған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Бір апта ішінде 3028 қылмыс жасалды. Оның екі мыңы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 13 кісі өлтіруді, 15 өлімге әкеп соқтырған қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіруді, 39 тонау және 463 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Нұрділдә Ораз.