Өмірге құштар жан еді...

Өмірге құштар жан еді...
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Әріптесіміз, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист Толқын Тәшімов 57 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Еліміздің ірі басылымдары мен сайттарында қызмет істеген Толқын Халдарұлы республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы еді.

Өмірінің соңғы кезінде Vecher.kz сайтында жұмыс істеді, «Вечерний Алматы» газетіне мақалалар жариялап тұрды.

Сараптамалық тақырыпта мақалалар жазатын қаламы жүйрік журналист болуымен қатар Толқын Халдарұлы әзілқой, өмірге құштар жан еді.

Әріптесіміздің жарқын бейнесі жүрегімізде сақталады.

Alatay Aqparat ұжымы Толқын Тәшімовтің отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.