Әзірбайжан Арменияға әскери тұтқындарды қайтарды

Әзірбайжан Арменияға әскери тұтқындарды қайтарды
Cурет: Egemen.kz

Экстрадицияланған адамдар 2021 жылдың 16 қарашасында ұсталған

Әзірбайжан Еуроодақтың делдалдығымен армян текті 10 әскери қызметкерді босатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл қадам Еуропалық кеңес төрағасы Чарльз Мишельдің бастамасымен 14 желтоқсанда Брюссельде өткен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянның үшжақты кездесуінің қорытындысы бойынша жасалды.

Бұл туралы Әзірбайжанның әскери тұтқындар, хабар-ошарсыз кеткен және кепілге алынған азаматтармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комиссиясы хабарлады. 

Айта кетейік, экстрадицияланған адамдар 2021 жылдың 16 қарашасында ұсталған.