Әйгілі «Ну, погодидің» жаңа сериялары шығады

Әйгілі «Ну, погодидің» жаңа сериялары шығады
Cурет: Ашық дереккөз

Жаңа серияда қоян мен қасқырдан басқа да жануарлар болады

«Союзмультфильмнің» «Ну, погоди!» мультфильмінің жаңа сериялары 2021 жылдың желтоқсанында жарыққа шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы киностудияның директорлар кеңесінің төрайымы Юлиана Слащева ТАСС-қа берген сұқбатында мәлімдеді. Көрермен ескі кейіпкерлерімен желтоқсан айында қайта қауышпақ. Қасқырды әзілкеш Гарик Харламов, ал қоянды «Вечерний Ургант» бағдарламасының жүргізушісі Дмитрий Хрусталев дыбыстайды.

Қасқыр мен қояннан басқа, борсық Тима, кірпі Шу және елік Уля сияқты басқа да жануарлар болады екен. Жобаның авторы Иван Дорн деген біреу деседі.