Әйгілі кинорежиссер Алтын Орда туралы фильм түсіреді

Әйгілі кинорежиссер Алтын Орда туралы фильм түсіреді
Сурет: Russian.rt.com

Түсірілім келесі жылға жоспарланған

Әлемге әйгілі кинорежиссер Эмир Кустурица Қазақстанда Алтын Орда туралы фильм түсіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Түсірілім 2022 жылға жоспарланған. Бұл туралы Қазақстан киносының ІІІ фестивалінде өткен онлайн-конференция барысында белгілі болды. Ұлттық кинематографияны қолдау жөніндегі мемлекеттік орталықтың басқарма төрағасы Есетжан Қосубаев атап өткендей, бұл бюджеттік және мазмұндық жағынан халықаралық нарыққа бағдарланған тарихи фильмдер қатарына қосылмақ.