Әйелдер зейнетке 60-тан асқанда шығатын болды

Әйелдер зейнетке 60-тан асқанда шығатын болды
Cурет: Ашық дереккөз

Биыл әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас болған

Келесі жылдың қаңтарынан бастап, әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас 6 ай болып белгіленді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салсақ биыл әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас болған еді.

1961 жылдың екінші жартысында дүниеге келген қазақстандық әйелдер зейнетақы төлемдерін тағайындауға 2021 жылдың соңына дейін өтініш беруге тиіс. Жыл соңына дейін өтініш беріп үлгермеген жағдайда жарты жыл күтіп, 2022 жылдың шілдесінен кейін ғана зейнетке шыға алады.

2013 жылы қабылданған «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 11 бабына сәйкес, әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жыл сайын 6 айға ұзартылып отырады.

Еңбек министрлігі өтініш берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралатынын ескертті.
2022 жылы:
– мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге;
– ең төменгі зейнетақы – 46 302 теңге болмақ.