Әйелдер күресі: үш қызымыздың жолы болмады

Әйелдер күресі: үш қызымыздың жолы болмады
Olympic.kz

Ослода күрес түрлерінен әлем чемпионатының төртінші жарыс күні өтуде, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Өкінішке қарай, қазақстандық балуандар алғашқы кезеңдерде жеңіліп қалды. 

53 келідегі Асылзат Сағымбай молдовалық Юлия Леордаға есе жіберді. 65 келідегі Айна Теміртасова 1/8 айналымда румыниялық Криста Инчені ұтқанымен, келесі кезеңде жапондық Мива Морикавадан ұтылды. 

Сондай-ақ, Рио Олимпиадасының жүлдегері Эльмира Сыздықова 76 келіде сынға түсіп, египеттік қарсыласына жол берді.