Әскерилер арасындағы әлем чемпионатында 7 боксшы жартылай финалға өтті

Әскерилер арасындағы әлем чемпионатында 7 боксшы жартылай финалға өтті
Сурет: Olympic.kz

Әскерилер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар бақ сынауда

Мәскеуде өтіп жатқан әскерилер арасындағы әлем чемпионатында жеті қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің жартылай финалдағы қарсыластары келесідей:

49 келі. Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) - Володя Мнацаканян (Ресей)

52 келі. Дамир Абдикадир (Қазақстан) - Шон Иман Мари (Ирландия)

56 келі. Рүстем Шауменов (Қазақстан) - Овик Оганесян (Ресей)

64 келі. Айтжан Әшірхан (Қазақстан) - Муджибилло Турсунов (Өзбекстан)

75 келі. Тимур Нұрсейітов (Қазақстан) - Морено Фендеро (Франция)

91 келі. Абзал Құттыбеков (Қазақстан) - Сохеба Буафия (Франция)

69 келі. Жасмин Кизатова (Қазақстан) - Барбара Мария дос Сантос (Бразилия)

«Әлем чемпионатының финалистері 23-24 қыркүйек күндері анықталады. Ал финалдық жекпе-жектер 25 қыркүйекке жоспарланған», - деп жазады ҰОК баспасөз қызметі.