Әскери бөлімдегі жарылыс: Эвакуацияланған тұрғындар бүгін үйіне қайтарылады

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

Әскери бөлімдегі жарылыс:  Эвакуацияланған тұрғындар бүгін үйіне қайтарылады nur.kz

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыстан кейін эвакуацияланған ауыл тұрғындары бүгін үйіне қайтарылады. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Жарылыс болған жерге жақын орналасқан 3 елді мекен бар. Оның ең жақыны Қайнар ауылы 1 шақырым жерде. Ал қалған екеуінің қашықтығы 5 шақырымды құрайды. Осы үш елді мекенде 718 адам тұрады. Кеше ол кісілердің барлығы басқа жерлерге, яғни біз дайындаған 10 мектепке және 5 колледждің жатақханаларына орналастырылды. Соңында олардан 227 адам қалды. Ал қалғандары ағайын-туысқандарына кетті», - деді облыс басшысы Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.



Сонымен қатар ол бүгін таңертең эвакуацияланған адамдарға барып, жағдайларын білгендігін атап өтті. «Олар тиісті көмекпен, яғни тамақ, сусынмен қамтамасыз етілген. Енді жалпы жағдайға қарап, барлығы дұрыс деп шешілсе, онда бүгін олардың барлығын үйлеріне қайтарамыз», - деді Бердібек Сапарбаев.


Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение