Әсел ТОҒЖАНОВА, «Learning intellectual» білім беру орталығының мұғалімі: Мен бақытты ұрпақпын

Әсел ТОҒЖАНОВА, «Learning intellectual» білім беру орталығының мұғалімі: Мен бақытты ұрпақпын
almaty-akshamy.kz

– Тәуелсіздіктің нығаюына ерлермен бірге, әйелдердің де иық тіресе қосқан үлестері зор. Оның ауыз толтырып айтарлықтай мысалдарын алыстан іздемей-ақ, өзіміздің өмір сүріп жатқан қаламыздан-ақ кездестіруге болады. Әйелдер Алматының әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани-мәдени жағдайына үлкен әсер етуде. Олар бұл салалардың дамуына қозғаушы күш болуда. Қазіргі таңда медицина, ғылым саласында әйел адамдардың көш бастап келе жатқанын көруге болады. Менің ойымша, еліміз өз алдына  Тәуелсіздігін алғаннан кейін әйелдер қауымына еркіндік пайда болды. Сол себептен, үлкеніміз болсын, кішіміз болсын,  азаттымызға алғысымызды білдіреміз.

Қазіргі таңда менің ағылшын тілінен білім беретін өз орталығым бар, ол жерде біз 6 жастан 50 жасқа дейінгі қала тұрғындарына білім береміз. Соған қарап-ақ адамдардың өркендеуге, білім алуға деген құштарлығын білуге болады.

Мен Тәуелсіз еркін елде өмір сүріп, өзім қалаған оқу орнында білім алып, сүйікті ісіммен айналысып жатқан бақытты ұрпақпын.